Тәрбие процесіндегі рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау. Q – talks

2024 жылғы 30 қазан күні№ 9 «Зерде» мамандандырылған лицейінде «Тәрбие процесіндегі рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау. Q – talks» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына оқыту семинары өтті.   Семинар барысында Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Д. Шарипова «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Жұманбай «Цифрлық дәуірдегі бала тәрбиесі: рухани құндылықтарды сақтау», №60 мектеп-лицейінің 7 сынып жетекшісі Н. Маликова «Білімнің негізі – тәрбиеден: құндылықтарды қалыптастыру жолдары», Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д. Рашитова Оқушылардың тұлғалық өсуіне жағдай жасауда қосымша білім берудің (үйірме, клубтардың) рөлі» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *