Steps to becoming more creative teacher

Астана қаласы бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне шығармашылықты дамыту және оқу процесін қызықты әрі динамикалы өту мақсатында 30 қазан күні 15:00-де Zoom платформасында “Steps to becoming more creative teacher” тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинардың ұйымдастырушысы Астана қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері Жұмағалиева Мөлдір Асқарқызы, шығармашылық білім берудің маңыздылығы мен оның артықшылықтарына тоқталды. Практикалық бөлімді Сералимова Сауле Амантаевна жүргізді.

Вебинар барысында қатысушыларға вебинардың мақсаты мен жоспары таныстырылды. Білім беруде шығармашылықтың маңызы, оқушылардың қызығушылығын арттыру, сыни ойлауды дамыту, оқу нәтижелерін жақсарту мәселелері талқыланды. Оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылықтың әсерін тигізген сәттерін ортаға салды.

Келесі бөлімде шығармашылықты дамыту стратегиялары ұсынылды. Технологияларды, өнер интеграциясын, жобалық оқыту тәсілдерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар берілді. Топтарға бөлініп, қатысушылар шығармашылықты дамытуға арналған жаңа идеяларды brainstorm жасап, пікір алмасу жүргізді.

Вебинардың соңында қатысушылар жеке рефлексия жасап, маңызды түйіндемелер мен жоспарларын жазып алды. Нәтижесінде, вебинардың негізгі ұғымдары мен қосымша ресурстар ұсынылды.

Вебинар аяқталған соң, қатысушыларға электронды ресурс пакеті жіберіліп, шығармашылықты дамытуға арналған құралдар мен сілтемелер ұсынылды. Бұл вебинар мұғалімдерге оқу процесінде шығармашылықты тиімді пайдалану үшін қажетті құралдар мен идеялар берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *