2024 жылдың 30 қазанында Астана қаласының №1 балалар музыка мектебі базасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Қосымша білім беру, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету. Оқыту семинарына қосымша білім беру, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары, әдіскерлер қатысты. Семинар барысында біліктілікті арттыру және педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау шараларын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Семинар қатысушылары сауалнамаға қатысып, кері байланыс қалдырды. Олар іс-шараның өзектілігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Іс-шараға 35 педагог қатысты.