Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары

2024 жылдың 22 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері «М.Тынышпаев атындағы ҚазАКК» Ақмола колледжінің педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізді.

          Семинарда әдіскер Исина Н.С. «Сабақты қалай қызықты өткізуге болады?» тақырыбында педагогикалық тренингін, әдіскер Мылтыкбаева Ж.Т. және Менеджмент, бизнес және білім колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Жапарова Л.Т. «Оқу үрдісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

          Әдістемелік десант барысында әдіскер Есенбекова А.Е. педагогтерді  авторлық жұмыстарды дайындау талаптарын баяндап, ұсыныстар берді. Сонымен қатар ТжКББ бөлімінің әдіскерлері педагогтерді аттестаттау реті мен қадамдары туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

          Іс-шараға колледжден 30-дан астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *