«Тәуелсіз елдің бақытты балалары» атты қалалық семинар өтті

2024 жылдың 18 қазан күні Республика күніне орай Астана қаласы әкімдігінің №72 «Жанарым» балабақшасында «Тәуелсіз елдің бақытты балалары» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты-Отан сүйгіштікке баулу, өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін ояту арқылы егеменді еліміздің ертеңгі иелерін тәрбиелеу, салт-дәстүрді бойларына сіңіру арқылы білімдерін кеңейту, дүние танымын, ой-өрісін дамыту.

Сондай-ақ балабақшалар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруда жасалып жатқан жұмыстарынан өз тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік құралдарын таныстырып, шебер-сыныптар көрсетті. Атап айтсақ, №44 «Үркер» балабақшасы «Интелектуалды асық» авторлық ойынын ұсынды, №72 «Жанарым» балабақшасы «Луллия шеңбері арқылы ұлттық құндылыққа баулу», №51 «Алтын сандық» балабақшасы «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы», №13 «Тұлпар» балабақшасы «Этнопедогогика элементтерін оқу қызметтерінде пайдалану» шебер сыныптарын көрсетті.

Семинарға мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері мен білім беру саласының мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *