Бүгін Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс топ сарапшыларымен бірге мемлекеттік қайта аттестаттаудан өтетін «Балақай», «Тәй-тәй», «Daruna-1», «Daruna-2» жекеменшік балабақшаларына әдістемелік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырды. Көмек көрсету барысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде жіберілген кемшіліктерді түзету бойынша көмек көрсетілді.