Мектепке  дейінгі білім беру  ұйымдарында педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру

2024 жылдың 10  қазанында Астана қаласының №97 мектеп-гимназиясы базасында Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Үздіксіз білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Мектепке  дейінгі білім беру  ұйымдарында педагогтердің  біліктілігін арттыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру»тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты – педагогтердің  кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруде әдістемелік қолдау көрсету.

Оқыту семинарына  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатысты.

Семинар барысындабіліктілікті арттыру және педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау шараларын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.

Семинар қатысушылары сауалнамаға қатысып, кері байланыс қалдырды. Олар іс-шараның өзектілігі мен дер кезінде өткендігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Іс-шараға 100 педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *