2024 жылғы 17 қазан күні сағат 14.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №9 «Зерде» мамандандырылған лицей базасында жетекші-серіктес мектеп жобасы аясында «Жетекші мектеп: көшбасшылық және кәсіби даму» тақырыбында қалалық семинары өтті. Семинардың мақсаты: лицей әжірибесінде оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді іске асыруда жетекші мектептің рөлін таныту, өзара тәжірибе алмасу. Семинарды ұйымдастырушылар: Әдістемелік орталық әдіскері, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің мұғалімдері. Қатысушылар: Астана қаласы мектептерінің пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында ашық сабақ, шебер-сыныптар өткізілді. Атап айтсақ:
1. «Цифрлық білім беру ортасы – заманауи білім берудің инновациялық құралдары» тәжірибе бөлісу, информатика пән мұғалімі Оралова Актолкын Капбаровна.
2. «Олимпиадалық тапсырмаларды дайындаудың ерекшеліктері» шеберлік сыныбы, тарих пәні мұғалімі Тогтаухан Миядаг.
3. «Вектордың координаталары. Координаталық түрде берілген векторларға амалдар қолдану», геометрия пәні, 9 «А» сыныбымен ашық сабақ, математика пәні мұғалімі Абайханқызы Айназ.
4. «Жаңашыл ұстаз, сапалы білім, адал ұрпақ» шеберлік сыныбы, №49 орта мектеп мұғалімдері: Нуржанова Даметкен Пирбаевна, Иман Гүлжәмилә Молдабекқызы,
Өнербай Ұлжан Оразбайқызы.
5. «Үйренеміз, ізденеміз, табысқа бірге жетеміз» шеберлік сыныбы, №49 орта мектеп мұғалімдері: Муслимбекова Зарина Турсунбековна, Нуралиева Алия Айдосовна, Әбибулла Жансая Ғаниқызы.
6. «Дарынды оқушымен жұмыс жасауда қиындықтарды қалай шешеміз?» шеберлік сыныбы, №49 орта мектеп мұғалімдері: Тайтелиева Жулдыз Сейфудинкызы, Шағырбаева Жұмакүл Қойлыбайқызы, Байдрахманова Айгүл Сұлтанбекқызы.
7. Мектепішілік жобаларға саяхат: «STEM білім беру – нақты ғылымдарды интеграциялау құралы ретінде» (Робототехника, STEM), «Инновациялық жобалар», информатика пән мұғалімдері:
Жумагатова Гульсара Габдуалиевна, Ералин Айбат Мейрамбекович.
Кері байланыс кезінде семинар қонақтары тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.