2024 жылғы 16 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында сынып жетекшілеріне арналған вебинарды ұйымдастырып өткізді.
Сынып жетекшісі – білім алушылардың оқу-тәрбие процесін үйлестіріп, олардың жеке дамуына және тәрбиесіне тікелей ықпал етеді. Бүгінгі вебинар барысында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының бас аналитигі Балкан Маратович Касимов «Қауіпсіздік сабақтары» туралы айтып өтті. «Сынып жетекшінің жүргізетін міндетті құжаттарының тізбесі» тақырыбын Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Динара Госмановна Шарипова баяндады. «Ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асырудағы жобалар», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Балалар кітапханасы» жобасы, «8 минуттық оқу» жобасын іске асырудағы сынып жетекшінің рөлі» тақырыптары бойынша Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскерлері Ибраева Эльвира Айдарқызы, Жакаева Самал Сансызбаевна, Байтемирова Асемгуль Балгиновна әдістемелік көмек көрсетті.
Вебинар жұмысын Әдістемелік орталық басшысы С.М. Дауешова қорытындылап, сынып жетекшілеріне арналған вебинардың жүйелі түрде жүргізілетіндігін атап өтті.