V Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті

2024 жылдың қазан айының 8-10 аралығында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің базасында Түркия, Үндістан, Корея, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің мамандары, тамақтандыру мен қызмет көрсету саласы бойынша білім алушы студенттерге және оқытушыларға арналған «AstauFest-2024» V Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті.

Іс-шара мақсаты: қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласында заманауи технологияларды енгізу бойынша кәсіби тәжірибені жинақтау және тарату.

Фестиваль шеңберінде қатысушылар мен келген қонақтар үшін «Кондитерлік өнімдер» және «Нан пісіру шеберлігі» құзыреттері бойынша халықаралық чемпионаттардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарынан шеберлік сыныптар ұйымдастырылды, «2024 жылдың бас аспазы»,  «2024 жылдың бас кондитері»,  «CHOCOLATE SHOW», «SUGAR SHOW», «MASTIC SHOW», «2024 жылдың наубайшысы», «Бар қызметі», «SLOWFOOD» дәм зертханасы номинациялары бойынша байқаулар, «Мәдени дәстүрлердің жаңаруы: бастаудан қазіргі заманға дейін» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

№ 22, 53, 74, 30, 13, 37, 51, 55, 57 мектеп оқушылары үшін ойын-сауық шаралары, жарыстар, ұлттық ойындар: «Арқан тарту», «Ақ сүйек», «Орамал тастау», «Асық» т.б. өткізілді.

2024 жылғы 10 қазанда салтанатты түрде V Халықаралық «AstauFest-2024» гастрономиялық фестивалі іс-шараларының қорытындылары шығарылып, кәсіби байқауларға қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Жеңіске деген жігері үшін» арнайы жүлдесін және Анталья қаласына (Түркия) жолдаманы Астана қаласының Қазтұтынуодағы жоғары колледжінің студенті Қайролла Әміржан және жетекшісі Құмарбекова Айымға берілді.

Достық, мәдениет және ынтымақтастық фестиваліне 300-ден астам адам қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *