2024 жылдың 10 қазан күні халықаралық SHARE жобасы аясында құрылған шығармашылық топтың кезекті отырысы өтті. Бұл отырыста әріптестер «Мәтіннің түрлері мен ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мәтіндердің Ақпараттық мәтіндер, Талқылау мәтіндері, Түсіндіру мәтіні, Есеп немесе баяндама түріндегі мәтін, Нұсқаулық немесе кеңес беру түріндегі мәтін, Сендіру мақсатында жазылған мәтіндер, Бағалау мәтіндері, Анализ жасау т.б. түрлерін талдады.
Меңдібаева Салтанат Әблахатқызы шетелдік зерттеулерде мәтіндердің бұдан басқа да түрлері бар екеніне тоқтала келіп, Нарратив мәтіндерімен таныстырды.
Шығармашылық топтағы әріптестер тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып , пікірлерімен бөлісті. Қызу талқылау болды. Жұмыс соңында келесі отырысқа тапсырмалар берілді.