ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖОБА

3.10.2024 ж. күні «Өзгерістерден ізденістерге дейін»  «SHARE» халықаралық жобасы аясында қазақ тілі және әдебиет пәндерінде іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу кезекті отырысы өтті.

Мақсаты: зерттеу тақырыбын анықтау.

Зерттеу тобындағы педагогтер 2024-2025 оқу жылында білім алушылардың оқылым дағдысын жетілдіру мақсатында «Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың мәтінге анализ жасау дағдысын зерттеу»  атты зерттеу тақырыбын бекітті.

Осы тақырып аясында оқушының мәтінге анализ жасау дағдысын жетілдіруде мұғалім тарапынан мәтінді таңдау кезіндегі келесі қиындықтар талқыланды:

  • біртектес, қызықсыз мәтіндер;
  • тек ақпараттық мәтіндер;
  • жас ерекшелігі ескерілмеген мәтіндер;
  • өзектілігі жоғалған, уақыт талабына сай емес мәтіндер.

Топ мүшелері жоғарыдағы мәтін таңдау мәселелерін шешуде оқушының жас ерекшелігіне сай мәтін түрлерін талдап, қазіргі уақыт талабына сай мектеп бағдардамасындағы тақырып негізінде қандай қызықты мәтіндерді ұсынуға болатынын талқылады.  Таңдалған мәтіндер негізінде оқушылардың анализ дағдысын жетілдіру үшін  тапсырма түрлерін құрастырып, оның тиімді және әлсіз тұстарын талдады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *