2024 жылдың 1-қазан күні М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының Ақмола колледжі базасында С. Сейфулиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлы тұлға – Сәкен» атты қалалық ғылыми – практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: «Біртұтас тәрбие» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұлғаның негізгі құндылықтарын қалыптастыру, колледж педагогтері мен студенттерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру.
«Ұлы тұлға – Сәкен» қалалық ғылыми – практикалық конференциясына С.Сейфуллин мұражайының маманы, педагогика ғылымдарының магистрі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Г.Б. Ибраева, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Дүйсен С.Ж., Мемлекет тарихы институтының жетекші маманы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ерденов К.А., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Калиев Ж.Н., Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және мұрағат Басқармасының Тіл саясатын үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Ғ. Қасқатаева, Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен студенттері қатысты.
Конференцияның секциялық отырыстары келесі бағыттар бойынша өтті:
– Сәкен Сейфуллин – мемлекет және қоғам қайраткері;
– Сәкен Сейфуллиннің ғылыми-танымдық қызметі;
– Сейфуллин әдеби мұрасының жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне әсері.
Пленарлық және секциялық отырыстарда конференция қатысушылары С. Сейфулин шығармаларының қазақстандық қоғамды қалыптастырудағы рөлі мен маңызы, мемлекеттің саяси өзін-өзі анықтауы, экономиканы, өнеркәсіпті, мәдениетті, білім беруді дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ жас ұрпақтың патриотизмі мен адамгершілігін тәрбиелеудегі тұлға мен әдеби мұрасының орны туралы мәселелерді талқылады.
Конференцияда «Ұлы тұлға – Сәкен» қалалық мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Конференция жұмысына 100-ден астам адам қатысты.