2024 жылғы 17 қыркүйек №93 мектеп-лицейінде «2024-2025 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына оқыту семинары өтті.
Семинар барысында Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскерлері нормативтік құжаттар, ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы қалалық жобалар туралы баяндап, №74, 89, 93, 96 мектептің тәрбие орынбасарлары бағдарламаны жүзеге асырудағы озық тәжірибелерімен бөлісті.