Мұғалімнің қызметінің цифрлық трансформациясы

Астана қаласы Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес елорданың химия және биология пәндерінің педагогтеріне «Мұғалімнің қызметінің цифрлық трансформациясы» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Семинар мақсаты: мектеп педагогтарының кәсіби бағыты, білім беру процесінде оқытудың жаңа инновациялық құралдары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау, білім беруді трансформациялау үшін цифрлық біліктілікті арттыруға әдістемелік көмек көрсету

Орталық әдіскері Ш.Шакирова цифрлық технологияларды сабақта тиімді пайдаланып, білім беру процесін жақсарту мәселелеріне тоқталды.

Іс-шарада Кәрімова Назерке, Бауыржан Айгерім, Еламанова Аяш, Оралов Дамир, Сулейменова Зуара, Өмірзақ Нұрила, Рахимова Мария, Ергалиев Абылайхан, Әкімбаева Камила, Махимова Баян, Жанәдiл Фариза Бостанқызы, Жиенбаева Айдана, Жургенбаева Асел, Исмагулова Гульнар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қалалық оқыту семинарында қамтылған тақырыптар:

  • SciArt: Ғылымдағы шығармашылық
  • Жаратылыстану сабағында қолданатын жасанды интеллект түрлерімен таныстыру
  • Тапсырмаларды құрастыруда қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) құралдары
  • Биология сабағында қолдануға тиімді нейрожелілер
  • Биологияны оқытудағы цифрлық сауаттылық: мұғалімнің табысты құралы
  • Chat GPT көмегімен биология сабағын тиімді жоспарлау (ҚМЖ, презентация, ақыл-ой карталары және т.б.
  • Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын химия сабағында қолдану тәсілдері
  • Химия сабағында визуалды 3 D сабаққа арналған сандық құралдар
  • Химия пәнінде цифрлық ресурстарды қолдану
  • Химия сабағында цифрлық құралдарды қолдану

Семинарға қатысушылар қолжетімді ақпараттар мен тәжірибелік іс-әрекеттер үшін іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге, ұйымдастырушы Ш.Шакироваға ризашылықтарын білдіріп, үйренгендерін сабақтарында қолданатындықтарын айтып тарқасты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *