2024 жылғы 30 қыркүйек күні «Global scholars» халықаралық жобасы аясында №87 мектеп-гимназия базасында бағдарламаны жүзеге асыратын мектеп үйлестірушілері мен педагогтерге арналған әдістемелік — нұсқаулық семинар өтті. Семинарға 36 мектептен 40 педагог пен жоба үйлестірушілері қатысты.
Семинар барысында жобаның жаңа оқу жылында жүзеге асырылуы, бағдарлама ерекшеліктері, сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары, қолданылатын цифрлық құралдарды ұтымды қолдану, оқушының платформадағы іс-әрекеті, шет елдегі оқушылармен байланысқа шығу және олармен кері байланыс алу үлгісі туралы мәселелер талқыланды.
Сондай ақ, ағымдағы жылдың шілде айында Америка Құрама штаты, Вашингтон қаласында өткен халықаралық конференция қатысушылары жоба аясындағы өзекті мәселелер туралы ой бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар жаңа оқу жылындағы жоспарды талдылап, кері байланыс берді.