2024 жылғы 27 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша «Математика және физика пәндерінің жас мамандарға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Оқыту семинарының мақсаты: жас педагогтердің табысты бейімделуіне ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау.
Семинарға Астана қаласының білім беру ұйымдарында жаңадан жұмысқа орналасқан математика және физика пәндерінің мұғалімдерінен 75 жас мамандар қатысты. Семинар барысында жас мамандар мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік-құқықтық құжаттармен танысты.
«2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыбында әдіскерлер Қ. Нұртаева, А.Кабдиева , «Поддержка молодых учителей как условие для формирования следующего поколения высококвалифицированных педагогов» тақырыбында Қ.Сәтбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Тулегенова Салтанат Женискановна, «Физика пәні бойынша элективті және вариативті компоненттің оқу бағдарламасы мен курстарын түсіндіру» тақырыбында Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Дусчанова Алия Уринбековна, «Сабақты тиімді жоспарлау мұғалімнің кәсіби шеберлігінің көрінісі» тақырыбында № 92 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Ибраева Эльмира Мейрамовна, «Методические рекомендации по проведению практических занятий по учебным предмету «Физика» в 7-9 классах» тақырыбында №32 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Дюсюпова Гульшат Жумакановна, «Оқыту үдерісіндегі үздік тәжірибелер мен пайдалы ресурстар» тақырыбынды №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі Кулумбетова Гульбайрам Аркебаевна, «Физика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарларды құру бойынша нұсқаулар» тақырыбында №101 орта мектептің физика пәні мұғалімі Алтыбаева Сулушаш Сейкасымқызы өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, жас мамандар кері байланыс жасады. Бұл шара жас мамандардың кәсіби дамуына және білім беру ұйымдарында тиімді жұмыс істеуіне ықпалы зор.