Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы қалалық «Музыкалық вернисаж» педагогикалық шеберлік байқауы

2024 жылғы 27 қыркүйек күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебі» ұйымдастыруымен «Музыкалық вернисаж» атты қалалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – балалардың қосымша музыкалық білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік қызметін жандандыру және жетілдіру, педагогтер кәсібінің беделін арттыру.

Ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана  қаласының  қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерінен 25  өтінім келіп түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін қызықты, шығармашыл, еркін түрде таныстырды. Ал екінші кезеңде сабақ / сыныптан тыс сабақ (15-20 минут) мұғалімнің өзі таңдаған тақырып бойынша өткізді.

          «Музыкалық вернисаж» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы әр номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады:

1 орын иегері –Артюгина О.Н. №3 Балалар музыка мектебі, Кожахметова М.Е. №1 Балалар музыка мектебі, Угольникова Е.Н, №3 Балалар музыка мектебі, Камзина Г.А., №2 Балалар музыка мектебі, Ураевская Г.М., №3 Балалар музыка мектебі;

2 орын иегері –Никитина Л.П. №3 Балалар музыка мектебі, Сыздықова А.Т. №2 Балалар музыка мектебі, Алдабергенова А.С. №3 Балалар музыка мектебі, Дабылова А.Б. №2 Өнер мектебі , Қырықбаева К.С. №2 Өнер мектебі;

3 орын иегері- Мамышева Н.Т. №1 Балалар музыка мектебі, Клименко А.А. №2 Балалар музыка мектебі, Ахмедияр Н.Т. №1 Өнер мектебі, Қәдір Г.Е. №1 Балалар музыка мектебі, Стамғазы А.Е. №2 Балалар музыка мектебі; барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған