Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған оқыту семинары

2024 жылғы 27 қыркүйек Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандары үшін «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті және арнайы білім берудегі нормативтік құқықтық актілер» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара барысында орталықтың әдіскерлері мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда жүргізілетін құжаттармен таныстырып, «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-асисенттің рөлі», «Арнайы балабақшадағы психолог жұмысының ерекшеліктері, тақырыбында толықтай ақпарат беріп ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 80-ге жуық әдіскерлері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған