2024 жылғы 25 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығымен «Мұғалімдердің республикалық олимпиада тақырыптарына талдау» тақырыбында оқыту семинар өтті.
Семинар барысында математика пәні мұғалімдерінің білімін жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, олимпиадалық есептердің оңай шешу әдіс-тәсілдері бойынша спикерлер: Әдістемелік орталығының әдіскері Нуртаева Канымай Узбекбаевна «Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы олимпиаданың рөлі: халықаралық тәжірибе»,Сыздықов Асқар «Теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешетін оңай тәсілдер», Әлжан Асқар Сәкенұлы «Қалдықтар теориясы. Қытайдың қалдық теориясы», Тайлаков Арман Куатулы «Популярные теоремы в олимпиадной геометрии» тақырыптарында өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, осы жұмыстар әрі қарай жалғасы болса деген ұсыныстарын айтты.