БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ЕЛОРДАЛЫҚ БАЛАБАҚШАЛАРДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛЫП ЖАТЫР

Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

2024 жылғы 25 қыркүйек Астана қаласы әкімдігінің № 11 «Гауһар» балабақшасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Көшпенділер ойыны балабақшада» атты қалалық семинар өтті.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған бұл іс- шарада балаларға арналған әлемдік көшпелі халықтардың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, көнеден келе жатқан ұлттық ойындардың жаңа таныстырылымының тұсаукесері өткізілді.

Іс-шараға Астана қаласының педагогтері, ата-аналар, балалар мен дүниежүзілік «Тоғызқұмалақ», «Асық» федерациясының өкілдері қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *