Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары

2024 жылдың 24 қыркүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Менеджмент, бизнес және білім  колледжінің педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақты тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік  десант өткізді.

Семинарда әдіскер Исина Н.С. «Сабақты қалай қызықты өткізуге болады?» такырыбында  педагогикалық   тренинг,  әдіскер Мылтыкбаева Ж.Т.  және  Сервис және туризм колледжінің ақпараттық технологиялар  жөніндегі  директордың  орынбасары  Калимбетова Л.К. «Оқу үрдісінде жасанды интеллект  пен  цифрлық  технологияларды қолдану» тақырыбында  шебер – сынып өткізді.

 Оқыту семинары барысында әдіскер Есенбекова А.Е.  колледж  педагогтерінің  авторлық  жұмыстарын дайындау  талаптарымен  таныстырып  ұсыныстар   берді, сонымен қатар  ТжКББ бөлімінің әдіскерлері  аттестаттау кезеңдері, іс-әрекеттер мен қадамдары  туралы сұрақтарға  жауап берді.

Іс-шараға 30-дан астам  педагог қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *