Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы N106 мектепте әдістемелік күн іс-шарасын ұйымдастырды. Мұндағы мақсат — педагогтерге сабақты тиімді жоспарлау,
БЖБ, ТБЖ спецификациясы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына негізделген құндылықтарды сабақтарға кіріктіру, функционалдық сауаттылық бойынша тапсырмаларды даярлау және сабақта қолдану жолдарын үйрету.
Шара барысында мұғалімдерге жеке даму жоспарының критерийлері мен перспективасы, сабаққа қойылатын талаптар, іс – әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер берілді. Сондай-ақ мектеп әкімшілігінің сұранысы негізінде білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша, мектепішілік бақылау, мектептің даму бағдарламасы, оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеуге әдістемелік сүйемелдеу көрсетілді.
Айта кетейік, биыл Әдістемелік орталық қызметкерлері 24 мектепте «Әдістемелік күн» іс-шарасын өткізді. Мұндай шараны жыл соңына дейін әлі бірнеше мектепте өткізу жоспарда бар