Мемлекеттік аттестациядан өтетін білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. №63 Ш. Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның әкімшілігімен кезекті отырыс барысында білім беру ұйымының оқу жоспарлары мен бағдарламалары сарапталды. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқу процесін ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік ұсынымдар жасалды. Әдістемелік көмек көрсету білім беру ұйымдарының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік аттестациядан сәтті өтуіне септігін тигізеді.