Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы басшы орынбасарының басқарушылық және цифрлық құзыреттілігі

2024 жылғы 17 қыркүйек күні Астана қаласының «М. Өтемісұлы» атындағы Оқушылар сарайында «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы басшы орынбасарының басқарушылық және цифрлық құзыреттілігі» тақырыбында директордың орынбасарларына оқыту семинары өтті.

Семинар барысында Әдістемелік орталықтың Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері «Басқарушылық және цифрлық құзыреттіліктің» маңыздылығы туралы баяндап, Оқушылар сарайының орынбасарлары «Басшы орынбасарының нормативтік-құқықтық құзыреттілігі», «Басшы орынбасарының функционалдық сауаттылығының негізгі индикаторлары», «Бірыңғай ақпараттық-педагогикалық ресурстарды қалыптастыру тәсілдерін» жүзеге асырудағы озық тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар белсенді қатысып, өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы оқыту семинарларында жиі тәжірибе алмасуға ұсыныс жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған