География пәнінің жас мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты – жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және сабақ жоспарын тиімді құрудың ерекшеліктерін түсіндіру. Қатысушылар сабақ жоспарын құру, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту және сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, ардагер ұстаздар өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, жас педагогтерге қажетті кеңес берді.