ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты жетілдіру

2024 жылдың 5 қырқүйек күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері «Астана-профи»  колледжінің педагогикалық ұжымына «ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты жетілдіру» тақырыбында әдістемелік  десант өткізді.

Семинарда әдіскер Есенбекова А.Е. 2024-2025 оқу жылының  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдарының негізгі бағыттары  түсіндірілді.

Іс-шараға қатысушылар үшін Астана IT университеті колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Сарбасова К.К. «Арнайы пәндерді оқытуда жасанды интеллектті пайдалану» шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара соңында ТжКББ бөлімінің әдіскері Исина Н.С.  педагогтерге  аттестациялау рәсімін сәтті аяқтау бойынша ұсыныстар берді.

Іс-шараға 30 астам  педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған