«Оқыту-әдістемелік құжаттаманы құрастыру және рәсімдеу»  тақырыбында  қалалық оқыту семинары өтті

2024 жылдың  4 қыркүйек  күні Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінде  «Оқыту-әдістемелік құжаттаманы құрастыру және рәсімдеу»  тақырыбында  қалалық оқыту семинары өтті.

Өткізу мақсаты – жас педагогтерге оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу және кәсіби қызметке бейімдеуде  әдістемелік қолдау көрсету.

Семинарда ТжКББ бөлімінің әдіскері Есенбекова А.Е.  2024-2025 оқу жылына арналған техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстарымен  таныстырды.

Қызықты және танымдық форматта «Колледж оқытушыларына арналған оқу-әдістемелік құжаттаманың құрастыру мен мазмұны» тақырыбында педагогикалық тренингтерді Кәсіптік-техникалық  колледж директорының бейінді  білім беру жөніндегі орынбасары Тогайбаева Н.К. және Техникалық колледжінің  арнайы пәндер оқытушысы, «Талап» КЕАҚ штаттан тыс тренері Кенжебекова Г.С. өткізді.

Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған