2024 жылдың 23 тамыз күні «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» секциялық отырыс химия және биология пәндері мұғалімдеріне онлайн өткізілді.
Вебинарда Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакирова 2023-2024 оқу жылында химия, биология пәндері бойынша атқарылған жұмыстардың аналитикалық есебіне тоқталып, жаңа оқу жылына қойылған мақсат пен міндеттерімен және 2024-2025 оқу жылындағы химия және биология пәндерін оқытудағы ерекшеліктермен таныстырды.
Аталған іс-шараға қаланың химия және биология пәндері мұғалімдері, барлығы 100-ден астам педагог қатысты.
Вебинарда мұғалімдер кері байланыс беріп, ұсыныс пікірлерін білдірді.