2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ СЫНЫБЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2024 жылдың 26 тамыз күні «DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру» Астана қаласы педагогтерінің тамыз форумы аясында қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік мүшелерімен «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» секциялық отырыс өтті. Секциялық отырыстың модераторы, Әдістемелік орталық әдіскерлері Жанар Сейтахметқызы «2023-2024 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша атқарылған жұмыстардың аналитикалық есебі; жаңа оқу жылының мақсат пен міндеттері», «2024-2025 оқу жылындағы қазақ сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы ерекшеліктер туралы (ӘНХ бойынша түсіндіру)» мәселелері бойынша талдау, түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, «Жасанды интеллект: білім берудегі оң мүскіндіктер» мәселесі бойынша М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Толеубаева Самал Жаксылыковна, Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аужанова Айнұр Хаметқызы, М. Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жылқайдарова Фариза Махмұтқызы, №93 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даривхан Нұргүл, М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұқашева Қуаныш Маратқызы оқу-тәрбие процесінде оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері мен ерекшелігі бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *