«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерімен секциялық отырыс өтті

«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерімен секциялық отырыс өтті.

Секция отырысы 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша есеп беруден басталды. Жыл бойы іс-шараға қатысқан белсенді педагогтердің аты аталып Алғыс хатпен марапатталды.

2024-2025 оқу жылының әдістемелік-нұсқаулық хатпен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Әдістемелік-нұсқаулық хаттың ерекшеліктерімен таныстырылды.

Астана қаласы бойынша үш ауысымда «Балақай» мектебіне 5 718 бүлдіршіндер қамтылды. Бүлдіршін саны көп қамтылған мектеп ұстаздары Алғыс хатпен марапатталды.

Әдістемелік орталықтың қолдауымен қала мектептерінің 1-4- сыныптарына бір үлгіде құрастырылған ұзақ мерзімді оқу жоспары таныстырылып, таратылды. Секция отырысының соңында педагогтердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Секция отырысына 350-ден аса педагогтер қатысты.

Секция соңында орта білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Әзімбай Нұржамал Кәрімбердіқызы педагогтердің жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *