2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы

Бүгін Әдістемелік орталық әдіскерлері Қ.Нұртаева, Г.Бекболатқызы, Н. Әзімбай, А.Бекжанова. Г.Оразбекова «2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» секциялық отырыстар өткізді.

Күн тәртібінде «2023-2024 оқу жылындағы Бастауыш сыныптар, «Математика», «Физика», орыс сыныптарындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша атқарылған жұмыстардың аналитикалық есебі, жаңа оқу жылының мақсат пен міндеттері» және «2024-2025 оқу жылындағы Бастауыш сыныптар, «Математика», «Физика», орыс сыныптарындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудағы ерекшеліктер туралы» (ӘНХ бойынша түсіндіру) қаралды.

Отырысқа елорда мектептерінен бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Өткен оқу жылына жан-жақты талдау жасалып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері анықталып, тиімді кері байланыс берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *