«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндаманы іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 13 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Жетекші мектеп» жобасы аясында қала мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Жетекші мектептердің кәсіби желілік қоғамдастығының қызметі-бұл білім беру үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы» тақырыбындағы интенсив апталығын өткізуде. Интенсив апталығы барысында жетекші мектеп жұмыстарын ұйымдастыру арқылы педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру жолдарын айқындау мен оқыту тәжірибесімен таныстыру, кәсіби шеберлігін қала көлемінде тарату мақсатында, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде «Оқу мен оқыту үрдісіндегі зерттеу сабақтарының тиімділігі», Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Ойшылдар ортасында оқу мен оқыту», № 55 орта мектебінде «Құндылыққа бағдар: оқу-тәрбие үдерісіндегі инновация», Ә.Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінде «Сабақты зерттеу (Lesson Study) табысты тәжірибесінің панорамасы», № 53 мектеп-лицейінде «Табысты инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау», № 6 гимназиясында «Критериальное оценивание как фактор повышения эффективности педагогического взаимодействия участников образовательного процесса современной школы», №78 мектеп-гимназиясы «Қоғамдастық аясындағы құндылықтарға бағытталған оқу», № 26 мектеп-гимназиясында «Педагогический опыт решения проблем при организации Lesson Study» тақырыптарында семинарлар, шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Семинарға серіктес мектеп директорлары, педагогтер, әдіскерлер, жалпы 377 адам қатысты. Іс-тәжірибе алмасу алаңында «Зерттеу сабағындағы тиімді әдіс-тәсілдер», «Сабақта оқылым дағдысын қалай дамытуға болады?», «LS зерттеу үдерісі арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыптары бойынша педагогтер жыл көлемінде жүргізген жұмыстары бойынша постер қорғап, «Жайлы мектеп, ойлы ұстаз, жігерлі шәкірт» тақырыбындағы шеберлік алаңында слайд-презентация жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жаңа оқу жылындағы бірлескен жұмыс жоспарын талқылады.