2024 жылдың 13 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Жетекші мектеп» жобасы аясында №55 орта мектебінде серіктес мектептер №44 орта мектеп және Н.Әбдіров атындағы №33 Балабақша-бастауыш мектебімен бірлескен «Құндылыққа бағдар: оқу-тәрбие үдерісіндегі инновация» тақырыбында қалалық семинар өтті. Құндылыққа бағытталған оқу-тәрбие үдерісінде бірлескен жұмыс арқылы іс-тәжірибе алмасу, ұлттық құндылықтарды заман талабына сай игертудегі мұғалімдердің шығармашылық ізденісін жетілдіру, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұстаздар шеберлік сыныптар өткізді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуде өз шеберліктерін ортаға салып, тәжірибе көрсету алаңында өз шығармашылықтарының нәтижелерімен бөлісті.