Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру

2024 жылдың 6 маусымы күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері «Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі» ЖШС педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік  десант өткізді.

Іс-шара аясында өткен педагогикалық тренингте ТжКББ ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары талқыланып, колледждің әдістемелік жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Колледж педагогтері авторлық бағдарламаларды құрастыру, дайын жобаларды қалалық ғылыми-әдістемелік кеңеске тапсыру, сонымен қатар ТЖКББ ұйымдары педагогтерінің аттестатталуы мәселесі бойынша толық ақпарат алды.

Қатысушылар әдістемелік десантта талқыланған мәселелердің өзектілігі мен тиімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Іс-шараға 60-тан астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған