«Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау» тақырыбында қалалық семинар – практикум өткізілді.

2024 жылғы 30 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №3, №5«Психологиялық-медициналық- педагогикалық консультациясы орталықтарымен бірлесіп, №71 мектеп-лицейінде жалпы білім беретін ұйымдардың арнайы мамандарының іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинар барысында психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу қызметіне қатысты мәселелер талқыланып, оқу бағдарламаларын бейімдеуге бағдарлар берілді. Педагогтер жинақталған тәжірибелерімен бөлісіп жазудың бұзылуын, жағымсыз мінез-құлықты түзету бойынша жұмыс әдістерін көрсете отырып, ерекше білім беретін балаларды әлеуметтендіру бойынша ұсыныстар берілді.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының 105-ге жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған