Қызмет көрсету саласындағы заманауи трендтер: ТжКБ тәжірибелік алаңдары мен инновациялық жобаларды енгізу тәжірибесінен

2024 жылдың 30 мамыр күні  Технологиялық  колледжінің базасында «Қызмет көрсету саласындағы заманауи трендтер: ТжКБ тәжірибелік алаңдары мен инновациялық жобаларды енгізу тәжірибесінен» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинарға «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киім үлгілеу», «Қонақ үй  бизнесі» мамандықтары бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Қоғамдық тамақтандыру және сервис  колледжінің оқытушылары Р.А.   Көбегенова, А.А. Байжігітова, А.Д Нұрманова және М.Н. Бегалы ​  жақын және алыс шетелдермен халықаралық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісіп, нәтижелерді қорытындылады және тамақтану саласындағы STEM эксперименттік платформасын енгізудің тиімділігін атап өтті.

 Сервис және туризм колледжінің «Қонақ үй бизнесі» мамандығының арнайы пәндерінің оқытушысы  Г.Т.Жұмабаева қонақ үйлерде қонақтарды қабылдау кезінде  Шелтор бағдарламасын пайдалану ерекшеліктерімен таныстырды

Іс-шараның практикалық бөлімінде Технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушылары  Ж. А Джумабаева  и  Р. К. Жуманова  «Тамақ өнеркәсібіндегі заманауи трендтер», ал «Киім өндірісіндегі ұлттық дәстүрлер» шебер-сыныптарында   Технологиялық  колледжінің өндірістік оқыту шебері Салихова Г.Д.,  Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шеберлері Турсумбекова Г.Е. және Мукашева А.Х. тігіншіліктің құпиялар бөлісті.

Іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысты.         

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған