«Worldskills Astana-2024» қалалық чемпионатының жабылуы

2024 жылдың 29  мамыр күні сағат 15.00-де Әл-Фараби атындағы  Оқушылар сарайында IX қалалық «WorldSkills Astana-2024» кәсіби шеберлік чемпионатының  салтанатты  жабылу рәсімі өтті.

Биылғы жылы 350 қатысушы үздік атағын сарапқа салып, 250-ден астам сарапшы 48 кәсіби құзыреттілік бойынша көшбасшыларды анықтау үшін жұмыс істеді.

WorldSkills жұмыс алаңдарына 4 мыңнан астам қонақ келді, онын ішінде  әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, бизнес – қауымдастықтары, қоғамдық қорлардың жетекшілері, астаналық мектеп оқушылары мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері.

10 күн аралығында (16-28 мамыр 2024 жылғы)  Елорданың 15 алаңында келесі құзыреттіліктер бойынша көшбасшылар анықталады:  кірпіш қалау, прототиптеу, кондитерлік іс, ақпараттық кабельдік желілер, жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу, мейрамханалық сервис, дәнекерлеу технологиясы, желілік және жүйелік басқару, наубайхана ісі, сандық бағдарламалық басқару станоктарындағы токарлық жұмыстар, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, инженерлік графика CAD, бизнеске арналған  IT шешімдер, шаштараз өнері, аспаз ісі, веб  технологиялар, графикалық дизайн, сән технологиясы, мобильді робототехника, бастауыш сыныптарда оқыту, шанақты жөндеу, мобильді қосымшаларды әзірлеу, өнеркәсіптік автоматика, мехатроника, сантехника және жылыту, электр құрастыру, қыш тақтаймен қаптау, әрлеу және сәндік жұмыстары, ағаш ісі, кәсіпкерлік, сандық бағдарламалық басқару  станоктарындағы фрезерлік  жұмыстар, E-mobility, қонақ үй  әкімшілігі, флористика, компьютерлік ойындарға  арналған 3D модельдеу, мобилография, интернет- маркетинг, мектепке дейінгі тәрбие, дене тәрбиесі және спорт, бейнемонтаж, бұлттық бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару, (BIM) ақпараттық  модельдеу технологиясы, жиһаз өндірісі және т.б.

 «WorldSkills Astana-2024» қалалық чемпионаты аясында кәсіби шеберлік бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында Abilympics (Абилимпикс), есту қабілеті бұзылған оқушылар арасында Deafskills және мектеп оқушылары арасында Jasskills кезекті жарыстары да өтті.

«WorldSkills Astana-2024» IX қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары алтын, күміс, қола медальдармен және құрметті медальдармен марапатталды, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен колледждердің әлеуметтік серіктестері бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Биыл Worldskills чемпионаты Елордада тоғызыншы рет өтуде. Қалалық байқаудың жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2024» Ұлттық чемпионатына  қатысады. Жоба колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда және оларды жұмысқа орналастыруда, мектеп оқушыларының сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын алуы үшін табысты кәсіптік бағдар беруде, әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен іскерлік байланысты нығайтуда үлкен рөл атқарды.           

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған