Педагог- психологтардың шығармашылық тобының отырысы

 2024 жылдың 29 мамыры күні Астана қаласы әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарына сәйкес, білім беру ұйымдарындағы педагог- психологтардың шығармашылық тобының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер және колледждерден 23 педагог- психолог қатысты.

 Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Г.Капанова психологиялық қызметті дамыту мақсатында шығармашылық топтың жыл бойы жүргізген әдістемелік жұмыстарына талдау жасап, оң баға берді.             

Отырыста психологиялық қызмет мүшелерінің бірлескен өзара іс-қимыл жоспары, оны іске асыру алгоритмі, ата-аналардың консультативтік -психологиялық көмекке жүгіну түрін жетілдіру және алдағы оқу жылындағы маңызды іс -шаралар талқыланды. Қатысушылар психологиялық сүйемелдеу арқылы білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін, тиімді ойлауын, шығармашылық қабілеттері мен жеке қасиеттерін қолдауға және дамытуға бағытталған педагогикалық тәжірибелерімен ой бөлісіп, өз ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *