Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған қалалық семинары өтті

2024 жылғы 21 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері №64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасының мамандарымен бірлесіп мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандары үшін «Сөйлеуді дамыту және түзету іс-әрекетінің инновациялық технологиясы» тақырыбында қалалық семинарын өткізді.

    Іс-шара барысында «Мінез – құлықты қолданбалы талдау басқарушылық бақылау», «Сөйлеу тілін дамытуда қолданылатын көмекші құралдар», «Емдік дене шынықтыру мамандарына арналған жеке дамыту бағдарламасы» «Ерекше балалармен түзету жұмысы барысында арнайы педагогтардың цифрлық сауаттылығы», тақырыбында  арнайы мамандарға  түзете-дамыту жұмыстары жайлы жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара соңында, арнайы мамандар кері байланыста болып ашық диалог аясында пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 27-ге жуық арнайы мамандары   қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған