Zertte журналының үздік мұқабасы байқауының қорытындысы

2024 жылдың 21 ақпанынан 20 мамыры аралығында Республикалық педагогикалық «Zertte» ғылыми-зерттеу журналының үздік мұқабасы байқауы өтті. Байқауға 70-тен астам жұмыстар жіберілді. Байқауға қатысқан жұмыстардың арасынан жүлделі III орынға ие болған:

?3 орын – «№60 мектеп-ЛИЦЕЙ» ШЖҚ МКК, көркем еңбек пәні мұғалімі Шерхан Зарубаев;

?2 орын – «№18 орта мектеп» ШЖҚ МКК, информатика пәні мұғалімі; Айжан Слямова;

ал топты жарып жүзден жүйрік атанған «З. Ғ. Мырзағұлова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» білім мекемесінің информатика оқытушысы Әсел Нұрғожина 1 орынды?қоржынға байлады.

?Аталған жеңімпаздарға Орталық атынан дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталып, ал қатысушылар электронды сертификаттармен марапатталады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған