Тәлімгерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары

2024 жылдың 21 мамырында Жоғары медициналық колледжінің базасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «Жастар лигасы» жобасы аясында колледж педагог-тәлімгерлеріне арналған «Тәлімгерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – Астана қаласы ТжКББ ұйымдарындағы тәлімгер-педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Дөңгелек үстел барысында Әдістемелік орталық әдіскері Б.Сейдахметова Астана қаласындағы ТжКББ ұйымдарындағы тәлімгерлік жұмыстың тиімді үлгілерімен таныстырып өтті. Кәсіптік-техникалық колледжіндегі тәлімгерлік жұмыстың өзіндік моделін колледж әдіскері А.Сергазина көпшілікке ұсынды. Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінің педагог-тәлімгері З.Есимханова заманауи сабақты жобалау алгоритмі бойынша жас педагогпен атқарылған тәжірибесімен бөліссе, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің тәлімгері С. Жаркинбекова және педагог-тағылымдамашы У.Таубаева тәлімгер мен жас педагогтің педагогикалық дуэтінің тиімді үлгісін көрсетті.

Шара соңында Жоғары медициналық колледжінің оқу-әдістемелік бөлім басшысы АТлеужанова мен педагог-тәлімгерлер Ж.Карабаева, Г.Аскарбекова «Тәлімгерлік тәжірибе – үйренеміз және үйретеміз» тақырыбында  педагогикалық тренинг ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысқан Астана қаласы колледждерінің 27 педагог-тәлімгері дөңгелек үстел жұмысын оң бағалап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *