«Сабақ сапасы – ұстаз біліктілігінде» атты қалалық семинар өткізілді

2024 жылдың 21 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Темірбек Жүргенов атындағы 70 мектеп –лицейінде «Шеберден тәлім» жобасы аясында «Сабақ сапасы – ұстаз біліктілігінде» атты қалалық семинар өткізілді.

Семинар білім алушыларды кешенді дамытуда өзекті мәселелерді шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға педагогтер әлеуетін бағыттау, ұлттық салт-дәстүр арқылы білім алушының ынтымақтастығы мен санасын қалыптастыру мақсатында өтті. Іс-шара Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің басшысы Байменова Гулжамал Пердебаевнаның алғысөзімен басталды.

Өз тәжірибесімен бөліскен Ы. Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі, тренер Такеева Айгүл Какимовна «Музыкалық орындаушылық мәдениетін меңгеру үшін қажетті білім-білік дағдылар кешенін қалыптастыру» тақырыбында,Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп –лицейінің педагог-шебер музыка пәні мұғалімі, тренер Хадыл Гульзат «Заманауи сабақ-тиімді әдіс» тақырыбында және осы білім беру мекемесіндегі педагог-шебер ұстаз, композитор Едресов Қанат Уалиевич «Сыныптан тыс үйірме жұмысы арқылы оқушылардың дарындылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында музыка пәні педагогтеріне шеберлік сыныптарын өтті. Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері З.Курманбековна іс-шараны қорытындылады. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 51 мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған