2024 жылдың 20 мамыр күні Абай мектебінде «Бала Абай» бағдарламасының 2023-2024 оқу жылының қорытынды шарасы есебінде ұйымдастырылған «Бала Абай»: құндылық, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының мамандары: филология ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Қазақ филологиясы» зертханасының меңгерушісі Ақтан Айман Советқызының филология ғылымдарының кандидаты, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Қазақ филологиясы» зертханасының меңгерушісі Ақтан Айман Советқызы, ҚР ОАМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастауыш білім зертханасының меңгерушісі, п.ғ.м. Таубай Пернекүл Таубайқызы «Әдістемелік орталық» МКҚК әдіскері Жанар Сейтахметқызы және қала мектептерінің бастауыш пәні мұғалімдері мен балабақша меңгерушілері қатысты.
Семинар қатысушылары Абай мұражайын тамашалап, мектеп құндылығы мен миссиясымен, жобаларымен (10 минуттық ән айту, «Бала Абай Live», Оқырмандар клубы) танысты. Бастауыш пәнінің мұғалімдері «Белсенді орта құруға арналған әдіс-тәсілдер», «Абай жаққан бір сәуле сөнбейді», «Абайша ойла», «Білім алушыны ынталандыру және мадақтау әдіс-тәсілдері» тақырыптарында тәжірибелік жұмыстар жүргізді. «46-сөз: өз сөзім өзімдікі» TEDx алаңында мектеп оқушылары (І.Мықтыбек, Ұ.Арғынбай, Ж.Рахметуллаһ, А.Ашимбекова), мектеп мұғалімдері (А. Смағұл, А. Мұрзахмет) және мектеп ата-анасы, Әкелер мектебінің төрағасы Оразбек Сапархан сөз сөйледі. Алмахан Мұхаметқалиқызы қорытынды пікір айтып, ой бөлісті. Мектептің биші оқушылары Абайдың 4 жыл мезгіліне байланысты би қойылымын, «Бала Абай» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2-4, 5-6-сыныптар) өз өнерлерін паш етті.