2024 жылдың 17 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №7 «Аққу» балабақшасында
«Отбасы-бала-балабақша» тақырыбында ата-аналар, әдіскерлер мен тәрбиешілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: ата-аналардың балабақшаға позитивті қатынасын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық қолдау білдіру, үштік одақтың жұмысын дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Дөңгелек үстел барысында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Джунусова Д.Е. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталықтарының жұмысына әдістемелік көмек, зерделеу» бойынша кеңес берді.
№7 «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі Мукажанова Г.К ата-аналарымен «Біз біргеміз» тренингін өткізді. №67 «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі Суюндикова Г.Т. ата-аналармен жүргізетін жұмыстары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шараның соңында тәрбиешілер қауымдастығының жетекшісі Мангазинова А.Ж. қауымдастықтың 2023-2024 оқу жылындағы қызметін қорытындылап, есеп берді.
Іс-шараға барлығы 59 педагог және 10 ата-ана қатысты.