«БАЛАЛЫҚТАН ДАНАЛЫҚҚА» ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

2024  жылдың  14 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес «Бала Абай» эксперименттік алаң жүргізетін мектеп педагогтеріне арналған С. Сейфуллин ат.  №80 мектеп-гимназиясында «Балалықтан даналыққа» қалалық семинары өтті. Абай Құнанбаевтың шығармалары  арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, тәлім, тәрбие беру мақсатында өткізілген семинарға «Бала Абай» бағдарламасының авторы Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы,  Әдістемелік орталықтың қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Маман  Жанар Сейдахметқызы әдістемелік қолдау көрсетті.

Мектеп-гимназия директоры Майканова Гульдерай Казтаевна мектепте жүргізіліп жатқан  «Бала Абай» эксперименттік алаң аясында Абайдың мол мұрасы арқылы оқыту мен тәрбиелеуде қазақ тілді сынып оқушылармен қатар  өзге ұлт өкілді оқушылардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға басымдылық беріліп жатқанын атап өтті. Семинарға қатысушылар кері байланыс арқылы эксперименттік алаңды жүзеге асырып жатқан әріптестеріне шығармашылық табыстар тіледі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған