Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»МКҚК жоспарына сәйкес Тәрбие және қосымша білім беру бөлімі 2024 жылғы 10 мамыр күні №1 Балалар музыка мектебінің педагогтеріне әдістемелік көрсету мақсатында әдістемелік десант өткізді. Іс-шараға барлығы 61 педагог қатысты.
Әдістемелік десант мақсаты – білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибе жалпылауға педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау.
Әдістемелік десант барысында әдіскерелер тарапынан қосымша білім беру ұйымында «Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша», «Авторлық бағдарламалар», «Біртұтас білім беру бағдарламасы», «Еңбек тәртібін сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» бойынша кеңестер берілді.
Әдістемелік десант соңында педагогтер жұмыс барысында туындайтын сұрақтар, қиындықтар, авторлық бағдарламарға байланысты сұрақтарын қойды. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта осындый іс-шаралар жиі болуына ұсыныс білдірді.