Сабақты зерттеу: жетекші және серіктесмектептердің жаратылыстану пәндерін оқытудағы жаңашылдықпен жұмыс

Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде 2024 жылдың 04 мамыр күні «Сабақты зерттеу: жетекші және серіктес мектептердің жаратылыстану пәндерін оқытудағы жаңашылдықпен жұмыс» тақырыбында жетекші және серіктес мектептердің бірлесуімен қалалық семинар өтілді.

Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК орта білім беру бөлімінің әдіскері Шакирова Шарипа Химановна, қала мектептерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қала мектептерінің жаратылыстану пәндер мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты: сабақты зерттеудің әдістерін тәжірибеде қарастырып, қолдану жолдарымен танысу, өзара тәжірибе алмасу болды.

Мектептегі Әлкей Хақанұлы Марғұлан музейімен танысқаннан кейін қатысушы педагогтер семинар бағдарламасы бойынша зерттеу сабақтарын бақылады. Зерттеу сабақтары математика, химия, жаратылыстану, физика пәндерінен өтілді. Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Г.Б. Жарболова 6 «Б» сыныбында «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу және алмастыру тәсілдерімен шешу», химия пәнінің мұғалімі Н.Т.Сакенова 8 «Ж» сыныбында «Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс» тақырыптарындағы зерттеу сабақтарын, №68 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі С.О. Кенебаева 10 «А» сыныбында «Магниттік-резонанстық томография», №41 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Л.К. Абдрахманова 7 «Б» сыныбында «Действия над алгебраическими дробями», Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ержан Хобланды жаратылыстану пәнінен «Жыл мезгілдері» 4 «Б» сыныбында, математика пәнінен 3 «В» сыныбында Ә.Қ.Сапарова «Есептерді теңдеу құру арқылы шығару» тақырыптарында зерттеу сабақтарын өткізді. Семинардың келесі кезеңінде математика, биология, тарих пәндерінің мұғалімдері: С.А. Уйсимбаева, П.Е.Нургалиева, А.Қалдыбекқызы, Ж.Б.Найманбаева, Қ.Қ. Ордабай, А.М.Биманова, Ж.Б.Тлеулесова, З.К. Идрисова, Н.С. Наганова, А.Жиенбаева шебер сынып, коучингілер өткізді. Семинар соңында №40 мектеп-лицей директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары М.Муса, жетекші-серіктес мектеп үйлестірушісі, тренер А.Т.Каиржанова, №68 мектеп-гимназиясының директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Р.О.Кариева, №41орта мектеп спикері Н.Л.Хохлова сөз алып, жетекші және серіктес мектептердің іс-әрекетті зерттеуде өзара ынтымақтаса жұмыс жасайтынын жеткізді. Семинарға қатысушы мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *