2024 жылы 26 сәуір күні сағат 09.00-де Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығы МКҚК бірлескен Т. Бигельдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Өзгеріс ритмдағы көшбасшылық: жас директорлар оркестрі» тақырыбындағы қалалық семинар өтті. Бұл маңызды семинар тез өзгеретін әлемде көшбасшылық дағдыларын дамытуға ұмтылатын жас және өршіл директорлар үшін бірегей мүмкіндік болып табылды. Семинар көшбасшылық саласындағы білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісетін көрнекті спикерлер мен сарапшыларды біріктірді. Төрт бөлімнен тұратын ауқымды іс-шаралар кешенінде панельдік алаң, ұжымды біріктіру үшін музыкалық терапия элементтерімен тренинг, педагогикалық практикум, коучинг, педагогикалық студия және әдеби қонақ бөлмесі ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Елорда мектептерінің директорлары мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер қатысты.
Іс-шара көшбасшылық және білім беру мекемелерін басқару саласындағы өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісетін көрнекті сарапшылардың қатысуымен панельдік алаңда сұрақ-жауап форматында басталды. Сахна төріне шақырылған қонақтардың тізімінде: Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық басшы кадрларымен жұмыс жөніндегі әдіскері- Баяхметбаева Кунумбала Изтолеуовна, балаларға рухани білім беру маманы, Монтессори мұғалімі, жаттықтырушы, балаларға арналған ақылды зебра қосымшасын жасаушы – Диканчиева Гаухарлана Алиевна, жас басшыларды дамыту бойынша сарапшы,”Экспонента” мектебінің негізін қалаушы-Ануар Канатович Даиров, № 30 мектеп-гимназиясының директоры – Досмагамбетова Карлыгаш Тортаевна, “Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы” бағдарламасының резервшісі-Закирина Гульмира Кайсашевна.
Панельдік алаң барысында ата-аналармен қалай қарым-қатынас орнату, мектеп директорлары қандай құзыреттіліктерді дамытуы керек, мұғалімдердің кәсіби өсуіндегі нәтижелі стратегиялар мен құралдар мәселелері алға қойылды. Шағын концерттік нөмір дайындалып, халық күйінен және хор ансаблінен ән шашу шашылды.
Тақырып бойынша секцияларға бөлінердің алдында Загипарова К. С. жетекшілігімен музыкалық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар үйлесімділік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін, музыкалық компоненттерді қамтитын бірқатар интерактивті жаттығуларға қатысты. Олар сондай-ақ музыка арқылы өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдерін ашуға мүмкіндік алды.
Семинар барысында «Эмпатияның үйлесімділігі: мектеп ұжымын дирижерлау» тақырыбында педагогикалық практикум (спикерлер: Ерубаева А. К., Чулкова Н. Ю.), «Тиімді команданы қалай құруға болады?» тақырыбында коучинг (спикерлер: Аппазова А. Ж., Абдугуланова И. О.)
және «Сабаққа қатыспау мен прецеденттер: мектептегі сабаққа қатыспау құпиясын ашыңыз» тақырында педагогикалық студия (спикерлер: Исина Б. Ж., Аппасова С. К.) өткізілді.
Қатысушыларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шкурапатова Н. В. және 10-шы сынып оқушыларының бірлесіп ұйымдастырған «И жить торопится, и чувствовать спешит…» тақырыбындағы әдеби қонақ бөлмесі арқылы Лермонтовтың шығармаларының әлеміне енуге және оның ұлы мұрасынан шабыт алуға ерекше мүмкіндік берілді. Қонақтар сол дәуірдің атмосферасын ғана емес, сонымен бірге осы көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдете алады.
Жиын соңында мектеп директоры Рысмухамбетова М. Д. қонақтармен кері байланыс жасап, келген қатысушылар мектеп жетістігіне байланысты өз пікірлерін білдірді.
Байланыс телефондары:
Т. Бигельдинов атындағы №1 мектеп-лицей: тел. +7(7172) 50-16-94 E-mail: sh1_astana@mail.ru
Астана қаласының Әдістемелік орталығы: тел. 8 (7172) 48 11 57, +7 747 200 52 96 – баспасөз хатшысы. E-mail: reception@astana-modern.edu.kz