ACTION RESEARCH, LESSON STUDY  әдістерін педагогикалық үдерісте қолдану

2024 жылғы 26 сәуірінде Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназиясында Астана қаласы  мектептерінің музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған “ACTION RESEARCH, LESSON STUDY  әдістерін педагогикалық үдерісте қолдану” тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинардың мақсаты оқушылардың  білім алуына көмектесу, жеке оқушының қажеттілігіне қарай  оқыту және зерттеуші мұғалімдермен бірлесе  жұмыс жасау арқылы кәсіби дамуына ықпал ету.

Семинар бағдарламасы тақырыптық баяндамалар және тәжірибелік болып  екі бөлімнен құрылған.  Семинарда «Әдістемелік орталығы» МКҚК музыка мұғалімдерінің әдіскері Каракаева Закира Құрманбекқызы қала мектептерінің музыка пәні мұғалімдеріне бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинардың маңыздылығына тоқталып, мектептегі AR іс-әрекеттегі зерттеу және LS сабақты зерттеу үдерісінің тиімділігі жайында таныстырды.

Музыка сабағындағы  зерттеу үдерісіндегі тәжірибелерімен бөліскен музыка пәнінің мұғалімдері:Оналбаева Гулнар Беркаевна «LESSON STUDY  сабақты зерттеу тәсілі  оқыту мен  оқу  үдерісінің   тиімді құралы»,Заманбек  Алтангул «Мұғалім  тәжірибесіндегі  зерттеу дағдысының  қалыптасуы»,  Әбет Елена Аймағанбетқызы «Сабақты зерттеу  тәсілі-  мұғалімдердің  бірлескен  іс-әрекет  тәжірибесі»  тақырыптары жайында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Семинардың жалғасы практикалық іс-әрекеттегі зерттеу мен сабақты зерттеу тәсілін музыка сабағында қолдану дағдысы жайында таныстырылды. Музыка пәнінің мұғалімдері 3 топқа бөлініп  LS сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеге енгізу алгоритмдері мен  проблемаларды анықтау, зерттеу сұрақтарын зерттеу сабағы құрылымына енгізу барысын өзара тәжірибелерін ортаға салып бөлісті.  Оқушылардың музыкалық білімін дамытуда бейімділігі мен қабілетін аша отырып, әр баланың қажеттілігін ескеру, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану шеберліктерін көрсетті.

Семинардың өткізілу барысындағы тақырыптар аясында сабақты зерттеу мен зерделеу дағдысын теориялық және практикалық тұрғысынан жан-жақты аша білді. Семинардың қорытындысында музыка  пәнінің мұғалімдері  сабақты зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігін алға тартты.      Әлемдік  білім берудің берудің инновациялық технологиясы мұғалімнің кәсіби дамуындағы педагогикалық шеберліктерін жетілдіріп, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістемелік құрал ретінде өз тәжірибелеріне енгізуге ықпал танытты. Семинарға қатысушылар өзара кері байланыстарын беріп, ризашылықпен тарасты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *